Алтын Орда туралы еңбек қазақ тілінде басылып шықты

235
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/QlbDhFBr088H3veaEIjmeln2ZTnM3r1oKmvrP7Ph.jpg

Steppe & World Publishing баспа үйі француз тарихшысы Мари Фавероның «The Horde: How the Mongols Changed the World» атты еңбегін қазақ тіліне аударып шығарды. Қазақша басылым «Алтын Орда: дала империясы әлемді қалай өзгертті» деген атаумен жарық көрді, деп хабарлайды "Адырна".

Кітап 2021 жылы Harvard University Press баспасынан басылып, халықаралық ғылыми ортада кең талқыланған. Еңбек ортағасырлық Еуразия тарихына, Моңғол империясы мен Жошы Ұлысына қатысты жаңа зерттеу ұстанымдарымен ерекшеленеді.

Автор Алтын Орданы тек жаулап алушы күш ретінде емес, Еуразия кеңістігіндегі саяси, экономикалық және дипломатиялық үдерістерге ықпал еткен мемлекеттік құрылым ретінде қарастырады. Кітапта Жошы әулетінің билігі, басқару жүйесі, сауда жолдары, қалалармен байланыс, исламдану үдерісі және Алтын Орданың кейінгі мемлекеттерге ықпалы талданады.

Баспа мәліметінше, жоба Қазақстандағы Франция Елшілігінің қолдауымен жүзеге асқан. Қазақша аудармасын Назгүл Қожабек дайындаған.

Кітап жақын уақытта кітап дүкендерінде сатылымға шығады.

评论