Жаңа кәсіби және салалық бірлестіктер «Әділет» партиясын қолдайтынын мәлімдеді

189
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kKyiMHCJuIQCoRruJ3qwcY7eiTAex2LMcEhZLEt3.jpg

«Әділет» саяси партиясын қолдайтындар саны артып келеді. Олардың қатарын құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, телекоммуникация,
туризм, кәсіпкерлік және мұнай сервистік салаларында жұмыс істейтін ірі салалық бірлестіктер, кәсіби қауымдастықтар мен
сарапшылық ұйымдар толықтырды.

Атап айтқанда, Қазақстанның Азаматтық альянсы, Қазақстан мұнай сервистік компаниялары одағы, Сарапшылық ұйымдар палатасы, Ұлттық денсаулық сақтау палатасы, Қазақстан ұлттық телекоммуникация қауымдастығы, Қазақстан байланыс операторлары қауымдастығы, «Kazleasing» Қазақстан лизингтік компаниялар қауымдастығы, Қазақстан жүк теміржол тасымалдаушылары қауымдастығы, Қазақстан туристік қауымдастығы, Еуразиялық туризм қауымдастығы және өзге де ұйымдар бар.

Аталған ұйымдар еліміздің барлық өңірлеріндегі кәсіпкерлерді, жұмыс берушілерді, салалық сарапшылар мен кәсіби қауымдастық өкілдерін біріктіреді.

Еске сала кетейік, бұған дейін «PARYZ» жұмыс берушілердің ұлттық конфедерациясы, Қазақстан инвесторлары қауымдастығы, Қазақстан тау-кен
палатасы, Қазақстан автомобиль одағы, Медициналық және фармацевтикалық бизнес ұлттық қауымдастығы, «Qazaq Green» жаңартылатын энергия көздері қауымдастығы, Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту қауымдастығы, Women in Tech Kazakhstan, Қазақстан креативті индустриялар альянсы, Қазақстан кинематографистер лигасы, Q88 аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығы, ҚР әлеуметтік инноваторлар қауымдастығы, SOCIAL INNOVATION HUB, «Жаңа адамдар» қоғамдық бірлестігі, «Дала қырандары» қоғамдық бірлестігі және басқа да ұйымдар «Әділет» партиясын қолдайтынын мәлімдеген болатын.

«Әділет» партиясы алдағы уақытта да азаматтық қоғам институттарымен және елдің түкпір-түкпіріндегі белсенді азаматтармен ынтымақтастықты нығайта бермек.

评论