Зеленский ұсынысынан бас тартқан Путиннің жауабын «әлсіз» деп бағалады

220
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HmlpohrrJ8jCsL86UQHbK1P4cx6pdBEGWgoMY8x9.webp

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің тікелей кездесу өткізу туралы ұсынысына берген жауабын «әлсіз» деп атады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW-ға сілтеп.

Оның пікірінше, Путиннің кездесуден бас тартуы Ресейдің соғысты тоқтатуға ниетті емес екенін көрсетеді. Владимир Зеленский дәстүрлі кешкі видеоүндеуінде Ресей тарапының тағы да соғыс жолын таңдағанын мәлімдеді.

«Өкінішке қарай, Ресей тарапы тағы да соғысты таңдады. Бүгінгі жауапты бәрі естіді. Бұл – әлсіз жауап. Ол соғысты аяқтағысы келмейді», – деді Украина президенті.

Зеленскийдің айтуынша, Путиннің бұл ұстанымы әлемдегі көптеген адамдардың көңілін қалдырған. Сондай-ақ ол Ресей басшысы жағдайды өзгерткісі келмейтінін және соғыстың тек өзіне әрі оның айналасындағы адамдарға ғана тиімді екенін мойындағысы келмейтінін айтты.

«Демек, Ресейдің қаржысы азайып, оған жасалатын қысым күшеюі керек», – деді Зеленский.

Бұған дейін Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында сөйлеген Владимир Путин әзірге Зеленскиймен кездесудің мәнін көрмейтінін мәлімдеген. Оның сөзінше, жоғары деңгейдегі кездесу нақты келісімдер әзірленгеннен кейін ғана нәтиже бере алады.

评论