Трамп туған күнінде Иранмен келісім жасалады деп үміттенеді

82
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/AVb7qDgT7yKfOW5nOzFvCYufqHJypsYbsqx2WI8D.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран арасындағы атысты тоқтату туралы келісімге бүгін, яғни жексенбіде қол қойылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, келісім күшіне енген жағдайда Ормуз бұғазы қайта ашылады, деп хабарлайды "Адырна".

Трамптың сөзінше, құжатқа қол қойылғаннан кейін Иранның жоғары деңгейде байытылған ураны жойылады деген үміт бар.

«Жағдай тұрақтанған соң жер астында қалған ядролық материалдарды жинап, оларды Иранда немесе АҚШ-та толықтай жоюға болады. Біз Иранмен және Таяу Шығыс елдерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатамыз деп сенеміз», – деп жазды АҚШ президенті.

Сондай-ақ ол Иранның алдағы уақытта күш қолдану жолынан бас тартуы мүмкін екенін айтты.

Өз кезегінде Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи АҚШ-пен атысты тоқтату жөніндегі келісімге қол жеткізуге жақын қалғандарын мәлімдеген. Оның айтуынша, құжатта Ормуз бұғазын қайта ашу мәселесі де қарастырылған. Ал Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жеке келіссөздер кейінірек жалғасуы мүмкін.

Еске салайық, тараптар сәуір айында атысты тоқтату жөнінде уағдаласқанымен, ара-тұра бір-біріне соққы жасап келеді.

Айта кетейік, бүгін Трамптың туған күні. АҚШ президенті 80 жасқа толды.

相关新闻

评论
相关新闻
其他材料