Шотландия әлем чемпионатының С тобында көш бастады

91
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/GEuq821KEUZyXYXAzziK8UY2kvuMTOpWsmPgGwYy.webp

Фото: ANADOLU VIA GETTY IMAGES

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының С тобындағы алғашқы турда Шотландия құрамасы Гаитиді 1:0 есебімен жеңіп, топ көшбасшысы атанды, деп хабарлайды "Адырна".

Кездесудегі жалғыз голды 28-минутта жартылай қорғаушы Джон Макгинн соқты. Оның соққан добы гаитилік қорғаушы Жан-Рикнер Бельгардқа тиіп, қақпаға енді.

Матчтың алғашқы бөлігінде Шотландия бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. 19-минутта Скотт Мактоминейдің алыстан тепкен добы қақпа бағанасына тиді. Кейін Че Адамстың соққысынан кейін қайтарылған допты Макгинн сәтті пайдаланып, есеп ашты.

Гаити құрамасы ойын соңында таразы басын теңестіруге мүмкіндік алғанымен, Францди Пьероның соққысы қақпа бағанасынан сәл қиыс кетті.

Бұл матч Шотландия үшін әлем чемпионатындағы 28 жылға жуық үзілістен кейінгі алғашқы ойын болды. Команда соңғы рет мундиальда 1998 жылдың 23 маусымында алаңға шыққан еді. Ал Гаити құрамасы әлем чемпионатына 52 жылға жуық үзілістен кейін оралды. Олар соңғы рет 1974 жылғы әлем біріншілігінде өнер көрсеткен.

Осы жеңістің арқасында Стив Кларк шәкірттері кем дегенде 20 маусымға дейін С тобында бірінші орынға көтерілді. Бұған дейін топтың тағы бір ойынында Бразилия мен Марокко 1:1 есебімен тең түскен болатын.

Екінші турда Шотландия Мароккомен кездессе, Гаити Бразилия құрамасына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет үш елде – АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирге 48 ұлттық құрама қатысуда.

评论