Тоқаев асыл тұқымды Ақалтеке жылқыларын көруге барды

92
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/dGgLOZ0SSIb1AeCX5OE8PcGwQsdQkT8YMExzAEav.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев асыл тұқымды Ақалтеке жылқыларын көруге барды. Бұл туралы Президент  желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна”. 

Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда құлындаған екі биенің төлін тамашалап, жаңа туған құлындарға Ақниет және Бөрте деген есім берді.

"Ер жетіліп, бас болар, тай жетіліп, ат болар" деген қазақы тәмсілді келтірген Президент жас арғымақтарға желмен жарысқан жүйрік болуын тіледі.

评论