Әлем чемпионатындағы сәттер. Футболшы алғашқы ойынынан соң көзіне жас алды

179
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/sIgVfSZSjzBR6v0iS6SUxuyeGWIyavAMBqicqaXM.jpg

Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар ұзақ үзілістен кейін ұлттық құрама сапына қайта оралып, 2026 жылғы әлем чемпионаты аясындағы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Футболшы Шотландия құрамасына қарсы кездесудің 76-минутында алаңға шығып, ұлттық команда сапында 980 күннен кейін алғаш рет ресми матчқа қатысты. Ойын аяқталғаннан кейін Неймар бұл сәттің өзі үшін ерекше болғанын айтып, эмоциясына ерік бергенін жеткізді.

«Иә, мен киім ауыстыратын бөлмеде жыладым. Еліме көмектесуге мүмкіндік бергені үшін Құдайға алғыс айтамын. Мен өте бақыттымын», – деді ол.

Кездесу 25 маусымға қараған түні АҚШ-тың Майами қаласындағы «Хард Рок» стадионында өтті. Матчта Бразилия құрамасы Шотландияны 3:0 есебімен жеңді. Голдарды Винисиус Жуниор (екі гол) мен Матеус Кунья соқты.

Ойыннан кейін Бразилия құрамасы жеті ұпай жинап, өз тобында бірінші орынға көтерілді. Ал матчтың үздік ойыншысы атағы Винисиус Жуниорға берілді.

评论