Халық саны бойынша жаңартылған деректер жарияланды

308
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/m5wiWvtw2mzZMVfuLWV6mzHwllePArBreRp2lZpg.jpg

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ел халқының саны туралы мәліметті жаңартты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бюро мәліметінше, 1 маусымда Қазақстан халқының саны 20 575 979 адамды құраған. Бір ай бұрын елде 20 562 993 адам тұрғаны айтылған болатын. Осылайша бір айдағы халық өсімі 12 986 адамға жетіп отыр.

Сондай-ақ Қазақстанда әйелдер саны (10 517 159) ерлер санынан (10 058 820) әлі де көп екені белгілі болды.

Қалалар арасында халық саны бойынша Алматы көш бастап тұр. Қазіргі таңда мегаполисте 2 366 525 адам тұрады. Одан кейін Түркістан облысы орналасқан. Өңір халқының саны 2 146 670 адамға жеткен. Ал алғашқы үштікті Астана түйіндейді. Елордада 1 674 699 адам тұрады.

Қазақстандағы халық саны ең аз өңір – Ұлытау облысы. Мұнда 218 169 адам өмір сүреді.

Статистикаға сәйкес, қалалық жерлерде 13 168 438 адам, ал ауылдық жерлерде 7 407 541 адам тұрады.

 

评论