Қазақ дәрігері Қытайдың ең жоғары орденімен марапатталды

388
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ZxEbVtmMxyT31GCvlTOf2G1Hs0IKK4gfxdEl7uUA.webp

Қытай Халық Республикасының төрағасы, Қытай Коммунистік партиясының бас хатшысы Си Цзиньпин елдің дамуына ерекше үлес қосқан сегіз азаматқа партияның ең жоғары марапаты – «1 шілде» орденін табыстады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Марапатталғандардың қатарында қазақ дәрігері Оқас Сүлеймен де бар. Ол осы жоғары марапатқа ие болған алғашқы қазақ атанды.

Оқас Сүлеймен 40 жылдан астам уақыт бойы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы Дөрбілжін ауданында еңбек еткен. Ол ондаған жыл бойы аптап ыстыққа, қақаған аязға және өзге де қолайсыз ауа райына қарамастан, шалғайдағы малшылардың қоныстарына атпен барып, медициналық көмек көрсеткен.

Еңбек жолында дәрігер 100 мыңнан астам науқасты қабылдап, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалған және 3200-ден астам сәбидің дүниеге келуіне көмектескен.

Айта кетейік, 2017 жылдың 22 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген «1 шілде» ордені – Қытайдағы ең беделді партиялық марапаттардың бірі. Осы уақытқа дейін бұл наградаға небәрі 37 адам ғана ие болған.

评论