Сұлтан Сәрсемәлиевті өмір бойына соттау сұралды

224
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/A6r6yEGYcy0kbfweVVnvJYMacT3PEqcoRzWBrxdt.webp

9 шілдеде прокурор Атырау облысында төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бүгін Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында Жангелдин ауылындағы бір отбасының төрт мүшесінің өліміне қатысты іс бойынша сот жарыссөзі аяқталды.

Мемлекеттік айыптаушы Мирас Бауыржанов аса ірі көлемдегі ұрлық үшін – 6 жыл, алаяқтық үшін – 6 жыл, мал ұрлығы үшін – 4 жыл, құжаттарды заңсыз алып қою, жою және жасыру фактісі үшін – 60 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындауды сұрады. Алайда барлық айыпты ескере отырып, түпкілікті жаза ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды және жазаны төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтеуді ұсынды.

«Қайтыс болған кісілер оған сенім артты. Сотталушы өзіне сенім білдерген адамдардың өміріне қол сұқты», – деді прокурор.

Бұған дейін Сәрсемәлиев кез келен ауыр жазаға да дайын екенін айтқан еді.

Айта кетейік, атышулы іс бойынша сот отырысы 18 мамырда басталған болатын.

评论