Тұрмыстық жанжалдан соң. Әйел пышақ жарақатынан көз жұмды

378
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында 74 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиғаға қатысты кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға тұрмыстық жанжал кезінде болған. Қылмыс жасады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталған. Қазір аталған дерек бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Полиция өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін хабарлады.

评论