Қазақстан мұнайы тасымалданатын құбыр консорциумы уақытша жабылды

161
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Hj7KneKRWNITB1ep2yA9VVw4sKQRGSsSN8zoJQGD.webp

Қазақстан мұнайын экспортқа шығаратын негізгі бағыттардың бірі Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай қабылдау уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, мұндай шешімге Ресейдің Новороссийск маңындағы мұнай терминалына жасалған дрон шабуылдары мен танкерлердің қауіпсіздігіне төнген қатер себеп болған.

КҚК арқылы Қазақстаннан экспортталатын мұнайдың шамамен 80 пайызы шетелге жеткізіледі.

Каспий құбыр консорциумы жұмысының қашан қайта жанданатыны әзірге белгісіз. Энергетика министрлігі бұл мәселеге қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

评论