Каспий теңізі акваториясында магнитудасы 3,2 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Төтенше оқиғадан зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Бұл тураоы АЗЕРТАДЖ жазды, деп хабарлайды "Адырна".
Әзербайжан Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының Жер сілкіністерін зерттеу бюросының мәліметінше, 26 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 03:04-те магнитудасы 3,2 баллды құрайтын, тереңдігі 20 шақырымдық жер асты дүмпулері тіркелді.
Оқиға салдарынан инфрақұрылымдарға зақым келген жоқ, жағдай толықтай тұрақты.
