Баянауылда бұрғылау-жару жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты

176
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ZFW8LIcxnWCsS0B0hn2OWw1KxAlEh5y8kugJhMF2.jpg

Павлодар облысында бұрғылау-жару жұмыстары кезінде кен шебері қаза тапты. Бұл туралы өңірлік Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті хабарлады, деп жазады "Адырна".

Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 24 шілдеде Баянауыл ауданындағы «Майкүбен Вест» ЖШС аумағында алдын ала мәлімет бойынша бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу кезінде 1984 жылы туған кен шебері ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.

Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеу ұйымдастырылып жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

评论