ӘDILET OPEN AIR: 500 дронның өнері Атырау жұртын тәнті етті

176
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/cIYI3phmE9yASetOsUaU0BdUWbuAKh6YXxbJghmv.jpg

Атырауда өткен ерекше дрондар шоуы қала тұрғындары мен қонақтарын 23 тамызда өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды. Құрылтай депутаттарын сайлау күні түнгі аспанда дрондар жарығымен бейнеленді. «Әділет» партиясы өңір жұртын сайлауда дауыс беруге осындай ерекше әдіспен үгіттеуді жөн көрген, деп хабарлайды «Адырна».

Бұл партияның республикалық сайлауалды штабының Атырау облысына жұмыс сапарының қорытындысы еді. Бейбарыс Сұлтан атындағы орталық алаңға жиналған 20 мыңға жуық тұрғын мен қала қонағы концерттік бағдарламаны тамашалап, кештің шарықтау шегіне айналған дрондар шоуына куә болды.

Алдымен сахнаға қазақстандық эстрада жұлдыздары Райым мен Бейбіт Қорған және өзге де эстрада жұлдыздары шығып, көпшілікке танымал әндерін орындады. Мыңдаған көрермен әндерді қосыла шырқап, алаңды үлкен мерекелік атмосфераға бөледі.

Соңына қарай көкке ұшқан 500 аппарат мемлекеттік нышандардан бөлек, өңір жұртына ерекше ыстық мұнай қондырғысы мен бекіре бейнесін паш етті.

Еске салайық, мерекелік шараға дейін республикалық штаб мүшелері өңірде бірқатар жұмыс кездесуін өткізді. «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Атырау мұнай өңдеу зауытында, TEXOL вагон жасау зауытында және «Ембімұнайгаз» АҚ-да болып, еңбек ұжымдарына партияның «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кездесулер барысында өндірісті дамыту, жұмысшылардың әлеуметтік мәселелері мен саланың болашағына қатысты сауалдарға жауап беріліп, ашық пікір алмасу өтті.

Сондай-ақ штаб өкілдері студенттермен, жастармен және өңір жұртшылығымен кездесіп, өнеркәсіпті жаңғырту, инженерлік кадрлар даярлау, цифрлық технологияларды енгізу және жас мамандарды қолдау бағытындағы бастамаларды талқылады.

Атырау облысы – Түркістан мен Маңғыстаудан кейін «Әділет» партиясы республикалық сайлауалды штабы жұмыс сапарымен барған үшінші өңір.

Дайындаған:

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

评论