Президенттің қатысуымен. Моңғолтанушылардың халықаралық конгресі өтіп жатыр

262
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/v2rbdpzpHi9HajVK4pL0UZ3jliTFAIMjy8XDY2gj.jpg

Моңғолияда президент Ухнаагийн Хурэлсухтің қамқорлығымен «Моңғолтану: дәстүр және қазіргі заман» тақырыбындағы XIII Халықаралық моңғолтанушылар конгресі басталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Конгреске әлемнің 30-дан астам елінен 600-ге жуық ғалым қатысып жатыр. Ғылыми жиын барысында 530-дан астам баяндама ұсынылып, моңғол тілі, археология, мәдениет, өнер, әдебиет, этнография, дәстүрлі білім, қазіргі моңғол қоғамы және халықаралық қатынастар мәселелері талқыланады.

10 тамыз күні ашылу рәсімінде Моңғолия президенті моңғол халқының тарихы, тілі, мәдениеті мен тұрмысын зерттеп жүрген ғалымдарға алғыс білдірді. Ол моңғолтанушылар саласындағы халықаралық және өңірлік ынтымақтастықты күшейту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және жас ғалымдарды қолдау қажеттігін атап өтті.

Моңғолия Ғылым академиясының президенті С.Дэмбэрэл моңғолтанудың болашағы халықаралық ғылыми ынтымақтастыққа, жас зерттеушілерді даярлауға және жасанды интеллект, үлкен деректер мен жаңа зерттеу әдістерін қолдануға байланысты екенін айтты.

Конгресс 13 тамызға дейін жалғасады.

Іс-шара барысында моңғолтанушылар ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан шетелдік ғалымдар Моңғолияның мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Ресей, Жапония, Германия, Оңтүстік Корея, Израиль және басқа елдердің ғалымдары бар.

Атап айтқанда, АҚШ-тың Индиана университетінің аға оқытушысы Лэгдэнгийн Цэрэнчунтқа «Еңбек сіңірген ұстаз» атағы берілді. Бірқатар шетелдік ғалым «Поляр жұлдызы» орденімен және «Достық» медалімен марапатталды.

评论