Абай кітабын алғаш басып шығарған Илияс Бораганскийдің есімін Қайым Мұхамедханов қайта жаңғыртты

274
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/0NIYxaANKr8Tla72oEwAsEYQYgK8Vq7mQM48l44X.jpg
Абайға қатыстының бәрі Қайым Мұхамедханов үшін қасиетті еді.
Бала кезінде әкесінің үйінен Абайдың тұңғыш кітабын көріп, оның мұқабасындағы жазуды есінде сақтап қалды: «Восточная элетропечатня Ильяса Бороганского .Санкт-Петербург, 1909 г »
Қайым Мұхамедханов осы есімді қайта жаңғырту үшін жиырма жылдан астам! уақыт бойы Кеңес Одағының түкпір-түкпіріндегі архивтерді, университеттер мен кітапханаларды үздіксіз зерттеп, дерек іздеді. Оның мақсаты — Илияс Бораганскийдің есімін тарихқа қайта енгізу, өмірбаянын жазу және оның түркі халықтарының мәдениеті мен рухани дамуына қосқан үлесін көрсету болды.
Осылайша, Қайым Мұхамедханов түркі халықтарына Ілияс Бораганскийдің есімін қайта сыйлады.
Оның 1971 жылы қазақ, орыс, өзбек, татар, башқұрт және басқа да тілдерде жарық көрген мақалалары үлкен жаңалық болып, сенсация тудырды. Сол кезде түрлі ұлт өкілдері Қайым Мұхамедхановқа алғыстарын білдірді. Олар бүгін де тарихтың ұмыт қалған бір тұлғасының есімін қайта жаңғыртқаны үшін оған ризашылықпен қарайды.
Өкінішке қарай, бұл тарихи еңбек туралы кейбір ғалымдар мен фильм жасаушылардың әлі де хабардар еместігі байқалады. Бұл әділетті Қазақстанды дамытуға қызмет етпейді.
评论