«Информбюро» өзінің 30 жылдығына орай Алматыға шахмат алаңын сыйлады

174
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/zdPfgNnMGz0yH45VQlOxmpmoF1Fo7bo9VpHTxPIV.jpg
Жаңа шахмат алаңы  қала тұрғындарының серуендеуге және демалуға арналған сүйікті орындарының бірі – Тереңқұрда орналасады. Мұнда тұрғындар үйге қайтар жолда жылдам блиц-шахмат  ойнап, отбасылық турнир ұйымдастыра алады  немесе бейтаныс қарсыласпен шаршы тақтада жекпе-жек өткізуіне болады.
Алаңның ашылуын Қазақстандық шахмат федерациясы қолдады. Алаңның ашылуында балалар мен шахмат әуесқойлары үшін кәсіби спортшылар – әйелдер гроссмейстері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионатының алтын иегері, Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова, сондай-ақ Қазақстан тарихындағы ең жас гроссмейстер, 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы чемпион Эдгар Мамедов бір мезгілде ойын сеансын өткізеді.

«Алматы үшін мұндай шахмат кеңістігінің пайда болуы – шын мәнінде маңызды оқиға. Қалаға балалар,  ата-аналар, әуесқойлар және болашақ чемпиондар үшін шахмат ойыны күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналатын орындар аса  қажет. Бүгінгі таңда Қазақстанда шахматтың прайм-дәуірі өрлеп тұр: шахмат өнеріне деген қызығушылық артып, жаңа есімдер танылып, олардың халықаралық деңгейде беделі артып келеді. Дәл осындай көзқарас аула мен қала алаңдарынан бастап үлкен кәсіби тақтаға дейінгі бағдарлар болашақ жеңістер үшін берік іргетас болмақ», - дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры, әйелдер гроссмейстері Гүлмира Дәулетова. 

«Алматы – мәдениет пен идеялар қаласы, онда бос уақыттың өзі үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Шахмат және басқа да зияткерлік ойындар қала тұрғындарының өмірінде ерекше орын алады. Біз жастар мен аға ұрпақты біріктіретін және шабыттандыратын саналы демалыс дәстүрін дамытуға өз үлесімізді қосқымыз келеді», - деді  «31 арнаның» бас директоры Айгүл Ақсамбиева.

  «Информбюроның» 30 жылдығы тек теледидар тарихындағы маңызды белес ретінде ғана емес, сондай-ақ  Алматы төрінде  күн сайын шахмат әлемінің жаңа партиялары ойналып, қызықты да тартымды нағыз халықтық бәсекелер өткізілетін спорт алаңының ашылуымен де есте қалады.

 
评论