“Qazaqstan Barysy – 2026". Президент Жантілек Нұртілепұлын жеңісімен құттықтады

158
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LTjasDhnz4x3gWxXQti7KTieNglow5C3hdbDF8ue.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жантілек Нұртілепұлын "Qazaqstan Barysy – 2026" турниріндегі айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна".

Бұл туралы бүгін, 16 тамызда ҚР президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

"Президент бұл жетістік спортшының жеңіске деген ерік-жігері мен озық шеберлігінің айқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы мұндай беделді бәсекелер халқымыздың бірегей дәстүрлерін жаңғыртып, өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлерімен айналысуға ынталандыратынына назар аударды", делінген хабарламада.

Бұған дейін Маңғыстау облысының өкілі Жантілек Нұртілепұлы ("Лабақ батыр") қазақ күресінен еліміздің басты додасы – Qazaqstan Barysy – 2026 супертурнирінің жеңімпазы атанып, алтын белбеуді жеңіп алған еді.

评论