Қазақстанда төмендеген туу көрсеткіші Тәжікстан мен Қырғызстан өскен – БАҚ

280
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Z0zXyzh8eZXrm0n0A9a89OtiCqeMUMY7bJ8ZcXIs.webp

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Орталық Азия елдерінің бір бөлігінде туу көрсеткіші төмендеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Anhor-ға сілтеп.

Өзбекстан мен Қазақстанда тіркелген туу саны айтарлықтай азайса, Тәжікстан мен Қырғызстанда керісінше аздап өсім байқалған.

2026 жылдың қаңтар-маусым айларында Орталық Азияның төрт елінде жалпы 711,3 мың бала дүниеге келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5 пайызға аз. Салыстыруға келетін статистикалық деректер болмағандықтан, есепке Түрікменстан енгізілмеген.

Туу санының абсолюттік көрсеткіш бойынша ең көп төмендеуі Өзбекстанда тіркелді. Елдің ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы алты айында 373,4 мың бала дүниеге келген. Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 405,5 мың болған. Осылайша, туу саны 7,9 пайызға қысқарған.

Қазақстанда да осындай динамика байқалды. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында елде 149,8 мың бала туған. 2025 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 161,2 мың болған. Нәтижесінде туу саны шамамен 7,1 пайызға төмендеді.

Ал Тәжікстанда керісінше өсім байқалған. 2026 жылдың қаңтар-маусым айларында елде 121,8 мың бала дүниеге келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 0,9 пайызға көп.

Қырғызстанда да туу көрсеткіші өскен. Алғашқы алты айда 66,3 мың нәресте тіркеліп, өсім шамамен 2 пайызды құрады.

评论