Қазақстан Грузия арқылы мұнай экспортын 5 есеге арттырды

347
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wkAodHhkyHb6JZMYoDaTmxmv8CMw81poynhJROn9.jpg

«Теңізшевройл» компаниясы 2026 жылғы тамызда Грузия аумағы арқылы транзитпен 100 мың тонна мұнайды экспортқа жөнелтеді. Бұл туралы Report жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Көлік дәліздерін зерттеу орталығының деректеріне сүйенсек, мұнай «Грузия темір жолы» АҚ және «Батуми мұнай терминалы» арқылы тасымалданбақ.

Бұл көлем шілде айында «Батуми мұнай терминалы» арқылы тасымалданған 20 мың тонна мұнайдан бес есе көп.

Орталықтың есептеуінше, Қазақстан мұнайын Грузия арқылы тасымалдау елдің теміржол және порт инфрақұрылымына қосымша табыс әкеледі. Гардабани станциясынан «Батуми мұнай терминалына» дейін теміржол арқылы тасымалдау тарифі тоннасына шамамен 18,5 долларды құрайды. Ал терминалдағы сақтау және тиеу қызметтерінің құны – 22,8 доллар. Осылайша Грузияның теміржол-порт жүйесі арқылы әр тонна мұнайдан шамамен 41,3 доллар көлемінде жиынтық табыс түсіруге болады.

«Батуми мұнай терминалына» жеткізілген Қазақстан мұнайы кейін түпкілікті бағыт – Түркияға жөнелтілмек.

Көлік дәліздерін зерттеу орталығы Қазақстан мұнайын Грузия бағыты бойынша тасымалдау көлемін арттыру ел үшін маңызды экономикалық және логистикалық мүмкіндіктерге жол ашуы мүмкін деп есептейді.

评论