Ресей шетелдегі елшіліктері маңында митинг өткізуге тыйым салуды сұрады

124
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/35Cky2hu2lNE786oRj1BpQKzYL0VUPVXximmkFzZ.jpg

Ресей билігі мемлекеттік дума сайлауы өтетін күні елшіліктері мен консулдықтары маңында митинг өткізуге тыйым салуды сұрап, дипломатиялық қатынастағы барлық елдерге нота жолдады, деп хабарлайды "Адырна".

Deutsche Welle мәліметінше, Ресей сыртқы істер министрлігі комиссиясы төрағасының орынбасары Максим Райдер хабарлады. Оның айтуынша, Ресей тарапы шетелдік мемлекеттерден «сайлау учаскелерін тиісті деңгейде қорғау шараларын қабылдауды» сұраған. Атап айтқанда, дауыс беру күні Ресейдің шетелдегі дипломатиялық өкілдіктеріне жақын аумақта демонстрациялар өткізуге жол бермеу ұсынылған.

«Ресей өз тарапынан қол қусырып отырмайды», – деді Райдер. Алайда ол митингілердің елшіліктер мен сайлау учаскелеріне нақты қандай қауіп төндіруі мүмкін екенін түсіндірмеді.

Ресей мемлекеттік думасының тоғызыншы шақырылымына сайлау 18-20 қыркүйек аралығында өтеді. Бұған дейін Ресейдің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Элла Памфилова шетелге кеткен азаматтардың сайлауға қатысу құқығына қатысты пікір білдірген. Сондай-ақ Ресейдің «достық қарым-қатынаста емес» деп санайтын елдердегі елшілеріне сайлау учаскелерін түрлі акциялар мен ықтимал арандатушылықтардан қорғауға шақыру ұсынылған.

评论