Құрылтай сайлауы: жетісулықтар сайлау учаскелеріне топтасып келіп дауыс беруде

291
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wCzvCufnWfpbyRKvhZyiI2B3VE7XSThiLWZrey4V.jpg

Жетісу облысының тұрғындары сайлау учаскелеріне топтасып келіп, Құрылтай сайлауына дауыс беріп жатыр.

Осылайша өңір халқы өзінің азаматтық белсенділігін танытып, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтынын көрсетуде. Сайлауда алғашқылардың бірі болып облыс әкімі Бейбіт Исабаев та өз таңдауын жасады.

Мәселен, Алакөл ауданының Қайнар ауылында Қ.Сқақұлы, І.Жансүгіров, М.Мәметова, Б. Момышұлы көшелерінің 40 тұрғыны сайлау учаскесіне бір мезгілде барып, дауыс берді. Сол сияқты «Бір көше – бір дауыс» бастамасына Текелі қаласындағы әл-Фараби көшесінің 50-ге жуық тұрғыны да белсене қатысып, №452 сайлау учаскесіне бірге келді. Сондай-ақ Сарқан ауданының Шатырбай ауылында тұратын 50 азамат бірлігін танытып, азаматтық белсенділік байқатты. 
Ақсу ауданының 16 ауылдық округінде бір мезгілде 500 адам таңдау жасады. Солардың бірі Жансүгіров ауылының тұрғыны Бейбіт Тұрарбайұлы пікір білдірді: 

- Біз бір ауылдың тұрғындары ретінде бірге келдік, әрқайсымыз өз таңдауымызды жасадық. Ең бастысы – тұңғыш рет өтіп жатқан Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, өз дауысымызды беру арқылы елдің ортақ болашағына үлес қостық, – деді ол. 

Сол қатарда Ескелді ауданының тұрғындары да белсенділік танытуда. Мысалы, Алдабергенов ауылындағы сайлау учаскесіне 300-ге жуық тұрғын ұйымдасқан түрде келсе, Көкжазық ауылының 100-ге жуық тұрғыны да таңертеңнен белсенділік танытып, №102 сайлау учаскесінде дауыс берді.  

– Біз азаматтық ұстанымымызды көрсету маңызды деп санап, арнайы бірге келдік. Құрылтай жұмысында ауыл тұрғындарының мүддесі ескерілгенін қалаймыз. Инфрақұрылымды дамыту, ауыл шаруашылығын қолдау, жұмыс орындарын ашу, жастарға мүмкіндік жасау сияқты мәселелер ауылдарымыздың тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер етеді, – дейді дауыс беруге келген Айтжамал Жұмабаева.

Атап өтсек, облыстағы сайлаушылардың жалпы саны 443 220 адам, оның 5 503-і алғаш рет дауыс береді. Өңірде 468 сайлау учаскесі бар, олар таңғы сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді

评论
其他材料