Кантри музыкасының аңызы Долли Партон өмірден озды

488
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/nLpAhAYiKIE03FrbI5kegXpF7SJpsAvDS5biADGj.webp

25 тамызда америкалық кантри музыкасының аңызы Долли Партон 80 жасында өмірден озды. Қаралы хабарды оның отбасы жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жиені Брайан Сивердің айтуынша, Партон «қоғамның сан алуан топтарынан шыққан әншілерге, ән авторларына, музыканттар мен арманшылдарға есік ашқан».

«Әлемге әйгілі жұлдыз әрі қоғам қайраткері, баршаға сүйікті әнші, ән авторы, филантроп, актриса, драматург және жазушы Долли Партон Теннесси штатының Нэшвилл қаласында өмірден озды», – делінген әншінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Партонның қайтыс болғанына АҚШ президенті Дональд Трамп та пікір білдіріп, оны кантри музыкасы тарихындағы ең ұлы орындаушылардың бірі деп атады.

«Бұл – миллиондаған адам үшін орны толмас қаза. Оның орнын ешкім және ешқашан баса алмайды. Оған деген құрмет белгісі ретінде 25 тамыздан бастап бір апта бойы бүкіл Америка Құрама Штаттарында мемлекеттік туларды төмен түсіруді тапсырдым. Жаның жәннатта болсын, Долли! Бүкіл әлем сені жақсы көреді», – деп жазды ол Truth Social желісінде.

Долли Партон шығармашылық жолын 1950-жылдардың ортасында бастап, 1967 жылы «Dumb Blonde» әні арқылы көпшілікке танылған. Ал 1973 жылы жарық көрген «Jolene» композициясы Rolling Stone журналының кантри жанрындағы 100 үздік ән және барлық уақыттағы 500 үздік ән тізіміне енген.

评论