Үкіметтің жаңа мүшесі. Арман Қырықбаев министр болып тағайындалды

325
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/yUvpM74di0iAnIopkrcs8agZ8ewRXVeSCoHv2nPC.webp

Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 3 қыркүйекте Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды»,– делінген хабарламада.

Арман Қырықбаев 1976 жылы Астана қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. Одан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясына оқуға түсіп, «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша оқыған.

Еңбек жолын, СІМ-де Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Балтық жағалауы елдері басқармасының референті ретінде бастаған.  1997-2002 жылдар арылығында Сыртқы істер министрлігінде әртүрлі қызметтер атқарған. Ал 2002-2005 жылдары «АВЕ Корпорациясында», «Ойлтранс Лимитед» компанияларында қызмет атқарған. 2005 жылы Алматы қаласындағы Медеу ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалған. Бұл қызметте жүріп, қаланың Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры қызметін қатар атқарған.

Сонымен қатар әр жылдары Қарағанды облысы әкімінің, Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін де атқарған. Алматы қаласына Бауыржан Байбек басшылық еткен кезде және Ерболат Досаев келген тұста әкім орынбасары лауазымында қызмет еткен. 2024 жылы Алматы әкімдігінен Президент әкімшілігіне ауысқан. Бұған дейін ол президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болған еді.

评论
其他材料