Украина әскері атысты тоқтатты

145
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HmlpohrrJ8jCsL86UQHbK1P4cx6pdBEGWgoMY8x9.webp

Украина қарулы күштеріне майдан шебінде «үнсіздік режимін» сақтау туралы бұйрық берілді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Режим 5 қыркүйек сағат 00:00-ден 8 қыркүйек сағат 23:59-ға дейін жалғасады.

«Украинская правда» басылымының мәліметінше, бұл шешім АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф пен Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнердің Мәскеу мен Киевке сапарына байланысты қабылданған.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский арнайы өкілдер Ресейге барған кезде Киев Мәскеуге соққы жасамайтынын хабарлаған.

«Біздің тараптан әуеден соққы болмайды. Ресей де әуе соққыларын тоқтатып, дәл осындай режимді қамтамасыз етуі тиіс», – деді Зеленский.

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Стивен Уиткофф пен Джаред Кушнер Мәскеуге Украинадағы қақтығысты тоқтатуға қатысты ұсыныстармен барады. Трамп бұл жоспардың жаңа емес екенін атап өтті.

Ақ үй басшысы Украинадағы қақтығысты аяқтауға мүмкіндік бар екенін айтып, Уиткофф пен Кушнерді «өте жақсы келіссөз жүргізушілер» деп атады.

Бұған дейін америкалық Axios басылымы Уиткофф пен Кушнердің Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуді жоспарлап отырғанын хабарлаған.

评论