16 жасында бизнес ашты, 17-де анасына үй әперді — сұхбат

86
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/qGdTe9tJcwbXoF0DMhPNHQZnBZxGwqhigSATvtTM.jpg

Жас кәсіпкер әрі білім беру саласының өкілі Сая Қыдырәлі «Adyrna» ютуб арнасына берген сұхбатында өзінің кәсіп жолы, IELTS емтиханына дайындайтын оқу орталығы және алдағы жоспарлары туралы айтты.

Сая Қыдырәлінің сөзінше, ол ағылшын тілін алты жасынан бастап үйренген. Кейін IELTS емтиханын бірнеше рет тапсырып, жалпы 20 рет сынақтан өткенін жеткізді.

Кәсіпкер білім беру орталығын 16 жасында ашқанын айтты. Оның айтуынша, орталықтың негізгі мақсаты – білім алуды жастар арасында трендке айналдыру.

Сонымен қатар, сұхбат барысында тіл үйрену жолдары мен бірнеше кеңестерді бөлісті.

Алда өз шәкірттеріне үй сыйлау жоспарын да жария етті.

评论
其他材料