Каспийде қаза тапқан үш әскери қызметшінің денесі Оралға жеткізілді

210
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/4wHqiknpHO29ozTjvkkHGP3M6umeP16PSVkjzfT9.jpg

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан қаза тапқан Жеңіс Темірғалиев, Өмірбек Өмірзақ және Ақжайық Ғилаждың денелері арнайы рейспен Оралға жеткізілді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна".

Қоштасу және жерлеу рәсімі 26 қыркүйекте өтеді.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, қаза тапқандардың отбасыларына әкімдік пен кәсіпкерлер материалдық көмек көрсетеді.

Еске салсақ, кеше Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райының күрт нашарлауынан 17 әскери қызметшіні теңіз ағызып кеткен болатын. Оқиға салдарынан 14 әскери қызметші қаза тапты.

 

评论