Амнистия. 2,6 мыңнан астам адамға қатысты шешім шығарылды

190
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Xw2HIksJPl9aRmM0fZw2bM1wOD8KXqlFAx0rV0u2.jpg

Елімізде амнистия аясында 2,6 мыңнан астам адамға қатысты шешім қабылданды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

ІІМ мәліметінше, амнистия тек сотталған азаматтарға ғана емес, сонымен қатар қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша тергеудегі адамдарға да қолданылады.

«Бүгінгі таңда ішкі істер органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 2 471 қылмыстық іс бойынша 2 621 адамға амнистия қолданды», – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, амнистияны жүзеге асыру жұмыстары заңнама талаптарын қатаң сақтау және азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделген «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасына сәйкес жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 1 шілдеде «Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты амнистия жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған еді.  

 

 

 

评论