Аваза әуендері. Президент Түркіменстанға бара жатыр

271
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RJjYpMVMbc7UhXqFKdTKwQ2eqoQZ2DGEdTWtdY9u.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Түркіменстанның Аваза ұлттық туристік аймағында өтетін ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы ТМД Атқарушы комитеті жазды, деп хабарлайды «Адырна»  тілшісі.

Жиынға Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов төрағалық етеді. Оған сондай-ақ Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан көшбасшылары қатысады.

Бұған дейін Иран сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағаидің мәлімдеуінше, отырысқа Иран президенті Масуд Пезешкиан да қатысуды жоспарлап отыр.

Мемлекет басшылары саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, достастықтың биылғы қызметінің қорытындыларын шығарады және алдағы міндеттерді айқындайды.

Түркіменстанның ТМД-ға төрағалығы аясында 7–9 қазан аралығында Авазада бірқатар халықаралық іс-шара өтеді.

7 қазанда ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы, Орталық Азия елдерінің Әмудария мен Сырдария бассейндерінің су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне арналған кездесуі, Каспий теңізі мәселелері жөніндегі жоғары деңгейлі жұмыс тобының жиыны, сондай-ақ денсаулық сақтау, демография, тұқым шаруашылығы және телерадио хабарларын тарату салаларына қатысты іс-шаралар ұйымдастырылады.

8 қазанда Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан басшыларының консультативтік кездесуі өтеді. Сол күні ТМД елдері мен Иранның ұлттық тағамдар фестивалі және мәдениет пен өнер шеберлерінің концерті жоспарланған.

9 қазанда ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысымен қатар Каспий экологиялық саммиті және ТМД елдері мен Иранның көрмесі өтеді.

评论