Қазақстан мұнайы Brent-тен қымбаттады. Баррелі 128 долларға жетті

162
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/4OMmmp3DIeeMQlsXnxBi1s2HRlbVG8tpbYteoK3p.webp

Қазақстандық CPC Blend маркалы мұнайдың бағасы әлемдік эталон саналатын Brent құнынан асып, барреліне 128 долларға жетті. Ал Brent мұнайының бағасы 109,86 долларды құрады, деп хабарлайды "Адырна".

Oilprice мәліметінше, қазіргі көрсеткіш бойынша CPC Blend мұнайы Brent-тен шамамен 16,5 пайызға қымбат сатылып жатыр. Бұған дейін қазақстандық мұнай, керісінше, Brent-тен төмен бағаланатын.

Бағадағы елеулі өзгеріс 2026 жылғы қыркүйекте байқалды. Сол кезеңде CPC Blend құны барреліне 120 доллардан асып, Brent 105–109 доллар аралығында саудаланған. Қыркүйектің соңы мен қазан айында екі марканың бағасы арасындағы айырмашылық кей күндері 15–20 доллардан да жоғары болды.

Алайда қазақстандық мұнай бағасының қымбаттауы елдің әр баррельден түсетін табысы дәл осынша өсті дегенді білдірмейді. Мұнайды тасымалдау құны, нарықтағы жағдай және басқа да шығындар нақты кіріске әсер етуі мүмкін.

评论