«Ордабасы» мерзімінен бұрын ҚПЛ чемпионы атанды

433
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/hPqiWkKjr8rXzNODe26O984eJkWoepDjcIsGM1d1.webp

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы мерзімінен бұрын Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Молдовалық маман Андрей Мартин жаттықтыратын команда 29 матчта 68 ұпай жинады. Жексенбіде алматылық «Қайрат» сырт алаңда «Ақтөбемен» кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті. Осы нәтижеден кейін алматылық клубтың еншісінде 64 ұпай болды.

Осылайша, «Ордабасы» өз тарихында екінші рет Қазақстан чемпионы атанды. Шымкенттік клуб алғашқы чемпиондық атағын 2023 жылы жеңіп алған еді. Одан кейін екі маусым қатарынан чемпиондық трофей «Қайратқа» бұйырған.

Биыл «Ордабасы» Қазақстан кубогының финалында да өнер көрсетеді. Қызылордалық «Қайсарға» қарсы шешуші матч 7 қарашада «Түркістан Арена» стадионында өтеді.

«Қайрат» ҚПЛ маусымын екінші орынмен аяқтайды. Ал қола жүлдеге «Астана» мен көкшетаулық «Оқжетпес» таласып жатыр.

评论