Үндістанның Тамилнад штатында муссондық жаңбыр маусымы басталғалы найзағай соғуынан 14 адам қаза тапты. Бұл туралы PTI агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Мәліметке сәйкес, нөсер жаңбыр салдарынан 62 жерде көшкін жүріп, тұрғын үйлерді су басқан. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы алқаптары су астында қалған.
Билік өкілдері өңірде жоғары қауіп режимін жариялап, туристердің танымал таулы курорттардың бірқатарына баруына шектеу қойған. Шектеулер ауа райы жақсарғанға дейін күшінде болады.
