Ресейдің Украинаға жасаған шабуылдарынан кемінде 19 адам қаза тапты

296
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/NJ4bkUI6We3qvr8HY6GySyLAikVHrx3STSOs5Hjd.webp

Фото: Supernova+

28-29 қазан күндері Ресей әскері Украинаның бірнеше қаласы мен облысына соққы жасады. Украина билігінің мәліметінше, шабуылдар салдарынан кемінде 19 бейбіт тұрғын қаза тауып, 40-тан астам адам жараланған. Қаза тапқандар арасында балалар да бар, деп хабарлайды "Адырна".

Ең ауыр шабуылдардың бірі Днепр қаласындағы теміржол вокзалында болды. Дрон жолаушылар пойызына соғылып, 14 адам қаза тапты, тағы 14 адам жараланды. Зардап шеккендердің арасында 11 жастағы бала бар.

Черниговте екі 15 жастағы қыз көз жұмып, тоғыз адам жарақат алды. Кременчук қаласында дрон тұрғын үйге соғылып, үш адам қаза тапты, 19 адам жараланды.

Сонымен қатар Изюмде басқарылатын авиабомбалар бес қабатты тұрғын үйге түсті. Он адам зардап шегіп, үйінді астында тағы төрт адам қалуы мүмкін.

Запорожье, Харьков, Сумы және Ровно облыстарында да шабуылдар тіркелді. Ровно облысында бір адам қаза тапса, Харьковте бір тұрғын көз жұмды. Киев облысындағы құс фабрикасында өрт шығып, шамамен 15 мың құс құтқарылды.

Украина билігінің дерегінше, Донецк облысындағы белсенді ұрыс аймағында әлі де 57 мыңға жуық бейбіт тұрғын бар. Олардың 1,7 мыңнан астамы – балалар.

评论