Дағдарыс кезінде. Польшаның БҰҰ-дағы өкілі қызметінен кетпек

176
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/y9zdkDHfCnnj0jSkPki6x4udHGHYy1mAQH7WzHGc.jpg

Польшаның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі Кшиштоф Щерский елдегі саяси дағдарыс аясында дипломатиялық қызметінен кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды "Адырна". 

Бұл туралы елдің СІМ баспасөз хатшысы Мачей Вевюр әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Caliber дерегінше, Кшиштоф Щерский Польша Сыртқы істер министрі Радослав Сикорскийге БҰҰ жанындағы дипломатиялық миссиясының мерзімінен бұрын аяқталуын сұрап өтініш білдірген. Министр бұл өтінішті қанағаттандырған.

«Елші Кшиштоф Щерский Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорскийге БҰҰ жанындағы дипломатиялық миссиясын мерзімінен бұрын аяқтау туралы өтініш білдірді. Министр Сикорский оның өтінішін қабылдады. Щерский осы айда қызметін аяқтайды», – делінген министрлік өкілінің хабарламасында.

评论