"Моральдық норманы бұзған". Түркияда Ресейдің 34 азаматы ұсталды

348
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/losGB3hh5rC5sS9x0EqIMzZw1NUXMQYUNx1WkHHF.jpg

Анкарада Ресейдің 34 азаматы ұсталды. Оларға моральдық нормалар мен қоғамдық тәртіпті бұзды деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Ресейдің Түркиядағы елшілігі «РИА Новости» агенттігіне айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Дипломатиялық өкілдіктің мәліметінше, олар 23 қазанда «Максим», «Хавана» және «Фолибержер» түнгі клубтарында жүргізілген полиция рейдтері кезінде ұсталған. Ресейлік әйелдер «Акюрт» депортациялық орталығына жеткізілген. Қазіргі уақытта олармен түркиялық адвокат жұмыс істеп жатыр.

Әйелдердің ұялы телефондары тәркіленген. Алайда оларға туыстарымен стационарлық телефон арқылы байланысуға рұқсат берілген.

Ресей елшілігі ұсталған азаматтарға консулдық өкілдердің қол жеткізуін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ұсталу себептері мен қамаудағы жағдайларын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдағанын мәлімдеді.

评论