Аяқ киімі үшін ұпайдан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер берілді

355
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LuoMB2P5ja5ePTeLoYkorhwaIewl1u6TtxMRyKRd.webp

Азия ойындарында мәреге бірінші болып жеткенімен, кейін жарыс нәтижесі жойылған қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваға бір бөлмелі пәтер табысталды, деп хабарлайды "Адырна". 

Баспананы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы мен демеушілер сыйлаған. Пәтер кілті Азия ойындары мен Азия пара ойындарына қатысқан спортшыларды марапаттау рәсімінде берілді. Ал өзге спортшылар мен жаттықтырушылар ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Федерация өкілдері жарыс нәтижесі жойылғанына қарамастан, Ясмина Тоқсанбаеваны Азия ойындарының нағыз чемпионы деп санайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ бұл қолдау спортшының алдағы Олимпиада ойындарына дайындығына септігін тигізетінін атап өтті.

Бұған дейін спортшыны 9 қараша күні Президент Тоқаев "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапаттаған.

Еске салайық, 27 қыркүйекте Жапонияда өткен Азия ойындарында Ясмина Тоқсанбаева спорттық жүрістен 42 шақырымнан астам қашықтықты 3 сағат 22 минут 20 секундта жүріп өтіп, мәреге бірінші болып келген. Алайда жарыстан кейін төрешілер оның аяқкиімін тексеріп, World Athletics ұйымы бекіткен талаптарға сәйкес келмейтінін анықтаған. Осыған байланысты спортшының нәтижесі жойылды. 

评论