Алты бақылау камерасын бүлдірген азамат ұсталды

273
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/GhoXC5i0sJSgg9zGanhFnP0grjBsDh5lQCWbY3S5.jpg

Фото: ЖИ

Камераны қасақана бүлдірген азамат ұсталды, деп хабарлайды “Адырна”.

 31 жастағы ер адам келтірген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.

Оқиға Омбы – Майқапшағай автожолында болған. Мотоцикл мінген ер адам жол бойындағы аркалы құрылымға жақындап, құқық бұзушылықтарды тіркеуге арналған алты камераның корпусын әдейі бүлдірген.

Оның әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Алайда зақымданған құрылғылар штаттық режимде жұмысын жалғастырған.

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын жедел анықтады. Ол көршілес елді мекеннің 31 жастағы тұрғыны болып шыққан. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Тергеу амалдары жүргізіліп, келтірілген залалдың мөлшері анықталып жатыр», – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.

Полиция бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

评论