Тұңғыш рет Сауд Арабиясында этноспорт фестивалі ұйымдастырылды

355
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/78htwTuUQq8siVQWRVXTM2o9hHxudMj4EwNh01Cj.webp

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта этноспорт және мәдениет фестивалі алғаш рет ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

TRT дерегінше, он күнге жоспарланған шара 19-28 қараша аралығында «Эр-Рияд маусымы» аясында «Әлем дәстүрлері Эр-Риядта» ұранымен өтеді.

Фестиваль бұған дейін Түркияда ұйымдастырылып келген. Биыл алғаш рет Сауд Арабиясында өтіп отыр.

Ашылу салтанатында дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Неджмеддин Билал Ердоған фестиваль Түркия мен Сауд Арабиясы арасындағы байланысты нығайтып, жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктеріне жол ашады деген үміт білдірді.

Оның айтуынша, екі елді ортақ сенім, тарихи мұра және халықтар арасындағы берік байланыс біріктіреді.

Фестиваль бағдарламасына дәстүрлі спорттық жарыстар, халық ойындары, қолөнер көрмелері мен түрлі елдердің ұлттық тағамдары енгізілген. Іс-шаралар балаларға, жастарға, әйелдерге және барлық жастағы келушілерге арналған.

Неджмеддин Билал Ердоғанның мәліметінше, дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының құрамына бес құрлықтағы 34 елден 56 ұйым мүше. Ұйым дәстүрлі спорт түрлері мен халық ойындарын сақтап, мәдени мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат етеді.

Ол күрес, ат спорты және садақ атудың да тарихи-мәдени мұрадағы орнына тоқталды. Оның пікірінше, дәстүрлі спорт түрлері халықтардың өз тамыры мен ортақ құндылықтарын ұмытпауына ықпал етеді.

评论