Шымкент барлық сала бойынша оң динамикалық көрсеткішке ие

1883
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/4b49d835-2ca5-4e0d-9bec-48dd6882bc61.jpeg
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында еліміздің қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-даму қорытындысы барысында Шымкентте барлық сала бойынша оң динамика сақталғанын айтап өтті. Атап айтқанда: • Өнеркәсіп өнім көлемі 583,2 млрд.теңге жетіп, нақты көлем индексі 107,1 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 108,7 пайыз болып отыр. • Инвестиция көлемі 276,2 млрд.теңге болып, 31,1 пайызға артты. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 68,9 млрд.теңге, жеке көздерден 207,3 млрд.теңге. • Құрылыс жұмыстарының көлемі 91,7 млрд.теңге немесе 118,5 пайызды құрады. • Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 426,8 мың шаршы метр немесе 123,0 пайыз болды.
• Жалпы сауда көлемі 1 140,1 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 11,4 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 355,4 млрд.теңге, нақты көлем индексі 112,4 пайыз, көтерме сауда 777,1 млрд. теңге, 110,7 пайыз.
• Байланыс қызметі 5 427,6 млн. теңгені немесе 4,5 пайызға артты. Цифрландыру бағытында да көрсеткіш жоғары. Шымкент қаласы бұл бойынша республикада Нұр-Сұлтан, Алматыдан кейінгі үшінші орында.  
评论