Торғайда әкімшілік 600 000 теңге жұмсап, ағаш дәретхана орнатты

2536
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/6327ee8c447cd898965512.jpg
Қостанай облысы, Торғай ауылының әкімшілігі 600 000 теңге жұмсап, инновациялық ағаш дәретхана орнатты. Бұл туралы қоғам белсендісі Дидар Смағұлов хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. Қазіргі таңда істің анық-қанығын зерттеу үшін ішкі мемлекеттік аудит комитетінен арнайы сарапшылар шақырылған. Мамандар алдағы уақытта тексеріс қорытындысын жарияламақ.
"Есепке жүйріктер үшін айтарым:
  1. Ағаш қабырғалар: 60 000 теңге
  2. Шатыр, әжетқұдық, құбыр: 40 000 теңге Шұңқыр қазу үшін арнайы алдырылған Архимед күректері: 500 000 теңге", - деп жазды қоғам белсендісі.

"Адырна" ұлттық порталы

评论
其他材料