Ресейлік телеарналар Қазақстанда хабар таратуын тоқтатпақ

3369
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/74a6837e-cfc4-469b-9638-d076faec20f6.jpeg
«Билайн» компаниясы Қазақстан аумағында ресейлік ақпараттық телеарналардың трансляциясын тоқтату туралы шешімге келді. Бұл туралы компанияның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Мәлімет бойынша, 5 қазаннан бастап олар еліміздің аумағында көрсетілмейді.
«Дом кино», «Победа»,«О!», «Первый канал СНГ», «НТВ МИР», «Карусель International», «Россия 24»,«Музыка Первого», «РТР Планета», «Время: далекое и близкое», «Телекафе», «Поехали», «Дом кино Premium HD», «Бобёр»,«Россия К» арналары көрсетпейді», — делінген хабарламада.
Олардың орнын «Еврокино», «Любимое Кино», «1HD music» және «Еда Премиум HD» арналары баспақ.

”Адырна” ұлттық порталы

评论
其他材料