Байден: Путин ядролық қару қолдану жайлы қылжақтап отырған жоқ

3735
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/10/673044__bayden_250x0_6000.4000.0.0.jpg
АҚШ Президенті тактикалық тұрғыдан ядролық қару қолдануды тұтас адамзаттың жер шарындағы соңғы тұяқ серпуімен теңестірді. Джо Байден ядролық армагеддон [жойылудың алдындағы ақырғы соғыс] жайлы Демократиялық партияның сайлауалды кеңесінде айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Америка басшысының сөзінше, Путин ядролық қару қолдану жайлы қылжақтап отырған жоқ.
- Әлем Кариб дағдарысынан кейін бұрын-cоңды мұндай ядролық қару қатерімен бетпе-бет келмеген, - деді Джо Байден.
Сонымен қатар, Джо Байден Путиннің ядролық қару арқылы Еуропаға сес көрсетуге тырысатындығын да мәлімдеді.

"Адырна" ұлттық порталы

 
评论
其他材料