Тоғыста 200 орындық медицина орталығы ашылады

1070
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/10/8ea51761-2957-4f35-a770-62b6e73a60d0.jpeg
Тоғыс елдімекенінде 15 000-нан астам халыққа қызмет көрсететін «Togus-med медицина орталығы» - жеке инвестиция есебінен ашылуда. Нәтижесінде медициналық қызметпен қамтылатын елдімекендер - Тоғыз, Елтай, Жыланбузған, Маятас, Айнатас. Орталықтың бір ауысымдағы сиымдылығы - 200 адам. Мұнда бастапқы әлеуметтік-медициналық көмекпен бірге, (ересектер мен балаларға) ЖТД, педиатрия, акушер-гинекология, хирургия, травматология, кардиология, эндокринология, онкология, урология, гастроэнтерология, ЛОР, офтальмология, стоматология, ревматология, профпатология, неврология, дерматовенерология; - Медициналық реабилитация және физиотерапия, емдік физкультура, массаж; - Диагностикалық қызметтер: Рентген, флюрография, УЗИ, ЭКГ, ЭЭГ, Холтер, Спирография, Лаборотория; - Күндізгі стационар болады. Рентген, флюрография, УЗИ, ЭКГ, ЭЭГ, холтер, спирограф тағы да басқа заманауи аппараттармен жабдықталады. Жаңа емханда ашылғанда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімділігі жақсарып, пациенттер уақтылы, толық және сапалы тексеру және амбулаториялық немесе күндізгі стационар жағдайында ем қабылдайтын болады. "Медициналық орталық бұл елдімекендерге жақын орналасқан. Қалаға әуре болмай-ақ қызметтің басым бөлігін осында алуға болады. Бұл өз кезегінде халыққа сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттырады"-деді шаhар басшысы.  
评论