Путин Астанада әлем басшыларымен Украинадағы жағдайды талқыламақ

2979
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/10/3c7b5b10-f509-4da3-a3b1-a06fff9b9e15.jpeg
Владимир Путин 13 қазанда Астанада өтетін саммит аясында Қатар Әмірі Тамим әл-Танимен кездесіп, энергетика саласындағы ынтымақтастық пен Украинадағы жағдайды талқылайды. Бұл туралы президенттің көмекшісі Юрий Ушаков айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Көшбасшылар, әрине, саяси ғана емес, сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда да екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін туралы сөйлеседі. Сондай-ақ халықаралық мәселелерден Украинадағы жағдайды қарастырады»,–деді ол.
评论