Таразда 9-сынып оқушысы өзіне қол салды

3232
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/10/14670e45-7649-45e8-95c2-9b1da457897b-960x500.jpeg?token=010975e4b63a6e976a076c5829f1a6e1
Таразда мектеп оқушысы өзіне қол салды. Оның дарға асылған денесі үйінің маңындағы гараждан табылған деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. КТК арнасының хабарлауынша, қайғылы жағдай түнгі сағат 12 шамасында болған. 9-сынып оқушысының асылып тұрғанын алдымен анасы көріп, тәртіп сақшыларын шақыртқан. Баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Полицейлер марқұмның мәйітін тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ дейді.
«Мәйiт Жамбыл облысы мәйітханасына жеткізілді. Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 105-бабы, 3-бөлігімен (өзін-өзі өлтiру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деді Тараз қаласы ПБ ресми өкілі Әзімхан Жанерке.
14 жастағы жеткіншекті өлімге не итермелегені әзірге белгісіз. Қазір бұл іспен құзырлы орындар айналысып жатыр.
评论
其他材料