Қазақстандықтарға тіл тигізген қарағандылық қамауға алынды

5710
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/10/79ed88ac-3a43-4af5-93cb-b1a71902dc9d.png
Қазақстандықтарға тіл тигізген Қарағанды қаласының тұрғыны алауыздықты қоздыру күдігі бойынша ұсталды. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 174-бабы (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адам қазақстандықтар мен ел басшылығына қатысты тіл тигізген. Сонымен қатар, Владимир Путин бастаған Ресейдің әрекеттеріне қолдау білдіретіні туралы айтқан.
评论
其他材料