Меккеде толассыз жаңбырдың салдарынан екі адам қаза тапты

3648
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/11/19a9d24b-3467-4ce8-a253-4d3e201c3aa7.jpeg
Сауд Арабиясының Мекке қаласында толассыз жаңбырдың салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Ұлттық метеорология орталығы ең көп жауын-шашынның теңіз жағалауындағы Джидда қаласына жақын аудандарда тіркелгенін хабарлады. Онда бір тәулікте 180 мм-ге жуық жауын-шашын түскен. Ел билігі қаланы Джиддамен байланыстыратын тас жолды жабуға бұйрық берді. Бұл шаһарлардың әуежайларындағы көптеген рейс тоқтатылды.
评论