2023 жылға арналған ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшері бекітілді

6278
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/12/a06ed71e-47ea-45b8-8458-3a89880b9297.jpeg
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Заң аясында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар көрсеткіш өзгереді. Атап айтсақ:
ең төменгі жалақы мөлшері – 70 000 теңге; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24 341 теңге; ең төменгі зейнетақы мөлшері – 53 076 теңге; айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3450 теңге; базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге болмақ.
Сондай-ақ, жасына байланысты зейнетақы төлемдері және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері 10,5% – ға артады.
评论
其他材料