Шымкент: Жылыту жүйесіне 100% қосылды

1501
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/12/ff2e541b-38da-40cf-9704-bc75f8597d84.jpeg
Шымкентте биылғы жылыту маусымы 20 қазаннан басталған болатын. Қазіргі кезде қаладағы 1987 көп қабатты тұрғын үй мен 484 бюджеттік мекеме жылыту жүйесіне 100% қосылды. Барлығы «ҚуатЖылуОрталық-3» МКК тарапынан орталықтандырылған. Жылуды қосу жұмыстары кезінде мына жайттарды назарға алуға шақырамыз! ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес, «Қуатжылуорталық-3» МКК көппәтерлі үйдегі элеватор торабының бірінші фланеціне, яғни жертөлеге дейін жылумен қамтамасыз етуге жауапты. Ал ішкі коммуникациялар – тұрғындардың ортақ меншігі. Сондықтан тұтынушылар жылу жүйелерінің қауіпсіздігін сақтауға, пәтер ішіндегі жатық және тік құбырлардың ауасын шығаруға, жылу қарызын есептеп, оны өтеуге жауапты. Бұған салғырт қарамауларыңызды өтінеміз!
评论